Apple жаңа «iPhone 15»-ті таныстырды(ВИДЕО)

ашық дереккөз

Apple компаниясы өзінің жаңа өнімдерінің дәстүрлі тұсаукесерін өткізді. Бұл жолы компания жаңа iPhone 15 телефонын таныстырды,деп хабарлайды life09 ақпарат агенттігі.

Биылғы жылы Apple жаңартылған смарт сағат пен iPhone телефондарын көпшілік назарына ұсынды. Смартфондардың жаңа желісінде iPhone 15, iPhone 15 Plus, iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max гаджеттері бар.

Негізгі модельдің түс схемасы бес түстен тұрады: қызғылт, сары, көк, жасыл және қара. Корпустың артқы беті күңгірт. Apple хабарлағандай, телефондар жаңа технологиямен жасалған. Ішінде A16 Bionic чипі бар, ол былтырғы iPhone 14 Pro-да болған

Негізгі камера - 48 Мп. Сенсорлары да айтарлықтай жаңартылған. Камерасы нашар жарықта жоғары сапалы фотосуреттерді, сондай-ақ портреттерді түсіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, смартфон фотосурет түсірілгеннен кейінде жекелей нысандарға фокус жасауға мүмкіндік береді.

Phone 15 компанияның USB қосқышы бар алғашқы телефоны.  Airpods құлаққаптарының қуаттау  толығымен USB-ге де ауыстырды. Демек алдағы уақытты Apple-ге тисілі гаджеттердің барлығын бір ғана сыммен қуаттауға болады.