Бағдат Мусин не үшін ресейліктерге көмектескенін түсіндірді

ашық дереккөз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ХҚКО-на не үшін барғанын түсіндірді.

Еске сала кетейік, Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлерімен бірге «Жастар» сарайында жедел түрде ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, жағдайды өз көзімен көріп қайтқан еді.  Кездесуде Бағдат Мусин халыққа ЖСН алудың оңай жолын көрсетіп, ЖСН-нің енді SMS арқылы жіберілетінін айтты. Алайда, Мусин қалың болып келген көрші елдің мәселесін шешіп берді деп әлеуметтік желіде көпшіліктің сынына қалды. 

Мен айына бір рет Халыққа қызмет көрсету орталығына барып тұрамын. Кем дегенде, бір рет. Әр барған сайын жариялай бермеймін. Ондағы барған мақсатым - тексеріс жүргізу. Егер ол жерде қандай да ақаулар болса, түсіндірме жұмыстарын жүргіземін. Маған бұл жерге неге бардың? Неге көмектесіп жатырсың деген сұрақтар туындап жатыр. Жалпы, халыққа қызмет көрсету орталығы неден пайда болды? Бірінші күні ХҚКО-на көрші елден келген 70 мың азамат пен біздің азаматтар көмекке жүгініп, бүкілі қабаттасып кетті. Сондықтан біздің қазақстандық қызметкелердің жұмысын жеңілдетіп, сапалы қызмет беру болды. Егер ол жерде көпшілік кезекте тұратын болса, сапасыз қызметтің кесірінен қақтығыстар туындайтын еді, - деді Цифрлық даму министрі.

Министрдің айтуынша, оның барғандағы бірінші мақсаты - қазақстандықтарды сапалы қызметпен қамтамасыз ету.

Мен неліктен бардым? Біздің жүйені де реттеу қажет қой?  Біздің ХҚКО-дағы қызметкерлеріміз 24 сағат жұмыс істеу керек пе? Маған Facebook парақшама ХҚКО-на өзіміздің қызметкерлерден шағым түсті. Олар маған біз үлкен кезекте тұрғанын, ешқандай дұрыс қызмет істейтін жағдайдың жоқтығын хабарлады. Өздеріңізге мәлім, екі үлкен кезек пайда болды. Бірі ЖСН алушылар және қазақстандық 2 мыңдай адамдар тобы. Бұл мәселе біздің Халыққа қызмет көрсету орталықтарына үлкен ауыртпалық түсірді, - деп түсіндірді Бағдат Мусин.

 

 

Дереккөз: BAQ.KZ