Білім және ғылым министрі ұсталды

ашық дереккөз

"Пара алды" деген күдікпен Қырғызстанның білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев ұсталды. Бұл жөнінде Қырғызстанның ІІМ хабарлады.

"Ол 110 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ақша шетелдік студенттерден Қырғызстанның жоғары оқу орнына түсу үшін алынған. Тергеу ісі аяқталған соң, мән-жайдың бәрі айтылады",- делінген баспасөз мәлімдемесінде.

ІІМ тергеу нәтижесі бойынша бар ақпаратты хабарлайтынын айтты.

41 жастағы Алмазбек Бейшеналиев 2022 жылы ақпанда білім және ғылым министрі болып тағайындалған.

Бұған дейін Қырғыстанның «Жогорку Кенеш» депутаты Адахан Мадумаров Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев Парламентке автоматтары бар екі жәшік әкелгенін хабарлаған болатынбыз.