«III дүниежүзілік соғыс басталады» - Нострадамустың 2023 жылға жасаған болжамы

ашық дереккөз

Француз астрологы және көріпкел Нострадамустың болжауынша, 2023 жылы әлемді әскери қақтығыстар, табиғи апаттар және климаттың өзгеруі күтіп тұр.

Астрологтың болжамы бойынша, 2023 жылы біздің планетамызда бірқатар табиғи апаттар болады. Жердің орбитасы үлкен аспан денесінің құлауынан өзгереді және мұхиттағы дүмпулер  артады. Салдарынан алып цунамилер пайда болып, жер сілкінісі жиілейді.

Көріпкелдің айтуынша, Дүниежүзілік мұхит деңгейі тез көтеріле бастайды және мұхит сулары Англия мен Американың оңтүстік жағалауын жабады. Көптеген елдерде ауыз су мен азық-түлік тапшылығы болады.

Нострадамустың айтуынша, АҚШ-та саяси тұрақсыздықтан, кедейліктен және халықтың билеуші режимге наразылығының артуынан туындаған азаматтық соғыс басталуы мүмкін, ал Еуропада жеті айға созылатын әскери қақтығыс болады. Көріпкел көптеген адамдардың өлімін және жаңа әлемдік тәртіптің орнауын болжайды.

Нострадамус 2023 жылы Ислам әлемі бастаған ірі әскери қақтығыстарды болжады. Болжамдарға сәйкес, қақтығыс кезінде химиялық немесе бактериологиялық қарулар қолданылуы мүмкін.

Көріпкелдің айтуынша, III дүниежүзілік соғыстың басталу қаупі 2024 жылға дейін жалғасады. Бірақ жазбада 2023 жылы ядролық қаруды қолданылуы туралы ештеңе айтылмаған. Алайда Нострадамус әлемдік аштық пен жаппай қоныс аударуды болжады. Астрологтың болжамы бойынша, әскери қақтығыстар, экономикалық хаос және ең ауыр дағдарыс салдарынан адамдар үйлерін тастап, бейбіт жерлерді іздейді, бірақ бұл әлемдегі тамақ пен ауыз су тапшылығын күшейтеді.