Түркияда оққа ұшқан қазақ азаматының қазіргі жағдайы қандай?

Ашық дерккөз

  Отандасымыз Түркия мемлекетіне 2 жасар қызын емдетуге барған.  Оқиға көпқабатты үйлер арасында, екі адамның жанжалынан туындаған.

Жараланған Қазақстандық азамат атыс болған орынға кездейсоқ тап болған. Қазір жерлесіміз Ыстамбул ауруханаларының бірінде ем қабылдап жатыр. Сыртқы істер министірлігінің мәліметінше, Бегалы Тәліповтың жағдайы бір қалыпты. Атыстан отбасы мүшелері зардап шекпеген.

Еске сала кетейік, оқиға бір күн бұрын Чекмекёй провинциясында болған. Сол түні Қазақстан консулдығына 31 жастағы ер адам телефон соғып, жарақаты туралы хабарлаған. Қазақстан азаматы Түркияға қызын емдету үшін барған.