6 шілде – Елорда күні

Бүгін – еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күні. Биыл елорда күні 23 мәрте тойлануда.

Бұл мереке ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 6 мамырындағы жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілуіне байланысты 10 маусымда аталып өтетін.

Ал 2008 жылдан бері мереке шілденің 6-сына ауыстырылып, Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланды. Осылайша «Мерекелер туралы» заңға енгізілген түзетулерден соң 2009 жылдан бастап 6 шілде мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп келеді.

1999 жылы ЮНЕСКО елорданы «әлем қаласы» атады. 2012 жылы ТМД мен түркі әлемінің астанасы болып жарияланған. Ал күллі әлем үшін Нұр-Сұлтан қаласы Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық саналады.