Димаш Құдайбергеннің концертіне 65 елден 20 мың адам келген

Ашық дереккөз

Димаш Құдайбергеннің Алматыда өткен жеке концертіне 65 елден 20 мың адам жиналған. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

"23 қыркүйекте өткен және түрлі БАҚ-та атап өтілгендей, 65 елден 20 мыңға жуық адам жиналған Димаш Құдайбергеновтің концерті. Сондықтан мұндай іс-шараларды, соның ішінде әлемдік ауқымдағы шараларды қолдау сырттан келушілер туризмін дамытудың драйвері болып саналады", - деді МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Ол туристің келуіне қолайлы жағдай жасалуы керек екенін атап өтті.

"Осыған байланысты біз әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп жатырмыз, соның ішінде еліміздің барлық келушілерінің пікірлері қаралып жатыр және қажет болған жағдайда кері байланыс беріледі", - деді ол.