Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде тіркелді

Ашық дереккөз

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының соңғы нәтижесін жариялады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Ресми мәліметке сәйкес, халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев дауыстың 81,31 %-ін жинады. Ол үшін 6 456 392 адам дауыс берді.

"Осылайша, кеше жарияланған сайлаудың алдын ала қорытындысы расталды", - деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Комиссия мүшелері тиісті хаттамаға қол қойып, қаулыны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті ретінде тіркелді. Оған тиісті куәлік табысталады.

Айта кетері, комиссияның алдын ала қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауысқа немесе 6 456 392 адамның сенеміне ие болды.