Коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

Ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімет бойынша соңғы  тәулікте елімізде 167 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

«1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Қазақстапнда 1 081 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 167 пациент стационарда, 914 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ-ге шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің денсаулығы өте ауыр, 2 сырқат ӨЖЖ аппаратында жатыр», деп жазды ведомстводан.