Сәпиев өзбек боксшылары біздің боксшылардан несімен мықты екенін айтты

Ашық дереккөз

Олимпиада жеңімпазы Серік Сәпиев өзбек боксшыларының неге мықты екенін айтты. Бұл туралы “Студия бокса Виктора Ялымова" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Ақпан айында Болгарияда өткен Старнджа кубогінде ел құрамасы бір күміс пен бір қола ғана иеленді, ал Өзбекстан командасы жеті алтын, төрт күміс және бес қола жеңіп алған еді.

Қазақстан алтынсыз қалған кіші ӘЧ-де Өзбекстан рекорд орнатты.

Сұхбатта «Жалпы командалық есепте Азия біріншілктерін бірнеше рет қатар Өзбекстан ұтып отыр. Неге олай?» деп сұрақ қойылды.

“Өзбекстанның бокс мектебі Азия аумағында ең мықтылардың бірі. Ұдайы бізбен бәсекелестікте болды. Өте еңбекқор. Қазақстан құрамасына сондай еңбекқорлық жетіспейді. Біз техника мен тактика тұрғысынан мықтымыз. Ал өзбектер көбірек жұмыс істеуге қабілетті, қазір олар көбірек соққы жасап, соның арқасында жеңіске жетуде. Оларда бокс деңгейі өсіп келеді, Олимпиададағы жетістікке байланысты. Одан кейін қазіргі таңда төрешілердің Өзбекстан боксшыларына бүйрек бұратыны бәрібір бар. Бұл көрініп тұрады”, - деді Серік Сәпиев.