Таксист пен курьерлерге салық салынбақ

Ашық дереккөз

Бұл жаңашылдық Әлеуметтік кодекс жобасында көзделген.

"Онлайн платформалардың көмегімен (Яндекс Такси, Яндекс GO және тағы басқа) жұмыспен қамтылған азаматтар үшін арнайы салық режимі енгізіледі", - деді Тамара Дүйсенова мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Бұл ретте салық агенті рөлінде онлайн платформалар операторларын айқындау ұсынылады. Олар такси жүргізушілері мен курьерлер атынан тиісті төлемдерді жасайды.

Сонымен қатар, Әлеуметтік кодексте жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыратын жұмыс берушілер үшін сақтандыру тарифтерін төмендету көзделіп отыр.