«Навальный» фильмі «Оскар» жүлдесін алды

ашық дереккөз

Лос-Анджелестегі Dolby театрында әйгілі «Оскар» сыйлығын тапсырудың 95-ші салтанатты шарасы  өтті. Канадалық режиссер Дэниел Роэрдың «Навальный» атты картинасы «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Ресейдегі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың уланғаны туралы, оның Ресейге қайтып келгені туралы баяндайтын фильмді канадалық режиссер Дэниел Роэр түсіріп, 2022 жылы кезекті фестивальдің бірінде жарыққа шығарған. «Оскар» жүлдесінен басқа, бұл деректі фильмі Британияның «Бафта» марапатын да алып үлгерген.

Алексей Навальный Владимир облысының Мелехово қаласындағы №6 колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол 2021 жылдың қаңтарында Ресейге оралғаннан кейін бірден бас бостандығынан айырылған болатын.