Димаш Құдайберген орыс тілінен бас тартты

ашық дереккөз

Димаш Құдайберген ағылшын тілін нашар білетіні үшін сынға қалды. Сондай-ақ ресейліктер әншіні орыс тілінен бас тартқаны үшін сөкті, деп жазады LIFE09 ақпараттық агенттігі Blitz+ порталына сілтеме жасап.

Басылым әншінің желідегі парақшасында фанаттарымен көбінесе ағылшын тілінде сөйлесетінін атап өткен. Алайда желі қолданушыларының бір тобы әншінің ағылшын тілін білу деңгейін сынға алған.

«Қателік жібермеу үшін қарапайым тіркестерді жаттап ала аласың ба? Бүкіл әлемге танылғың келсе, ағылшыныңды жақсартуың керек», — деп жазды желі қолданушыларының бірі. Өзгелер онымен қосылды.

Одан бөлек ресейліктер Димашты орыс тілінен бас тартқаны үшін сынға алған. Әнші посттарын көбінесе ағылшын және қазақ тілдерінде жазады.