«Қарттар үйіне» өткізіп жіберіпті»: Ақын Мұхтар Шаханов жайлы сұмдық ақпарат тарады

ашық дереккөз

Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жайлы әлеуметтік желіде сұмдық ақпарат тарады.

Бұл туралы Құдияр Біләл фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Әлеуметтік желі бетінде "Мұхтар Шахановты "Қарттар үйіне" өткізіп жіберіпті" дейтін шындыққа үйлеспейтін жаңсақ ақпарат тарап жүр. Соған орай, маған да хабарласып жатқандар баршылық.

Басын ашып айтайық. Мұның бәрі бос сөз. Бар әңгіме біз Мұхаңмен бірге тамақтанып отырған асханаға жетімдер үйінде тәрбиеленіп, өз еңбектерімен жетістікке жеткен екі жігіт келіп, Мұхаңа сағат сыйлады. Сол әңгіме үстінде біреуі: Балаларын тастап кеткен ата-аналар туралы не айтасыз?" деп сұрады. Мұхаң: "Ондайлар ешактар" деді.

Бары осы. Сондықтан біздің кей "достарымыз" өршітіп жатқан жалған ақпаратқа бой алдырмаңыздар. Дәл қазіргі сәтте Мұхаң өз оқырмандарымен кездесуде. Сол суретті қоса жариялаймын", деп жазды. 

"Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды, кім біледі, сондай сөз болған шығар", "Аллаға шүкір уайымдап едім. Құдияр жақсы хабарың үшін алғыс айтамын.Аман болыңыз!", "Басы жоқтар, өздеріне хайп жинағыштар әйтеуір осындай іс-әрекетке барады", "Мұхтар ағамызды осындай өтірік-өсекке қиса, оңбайды екенбіз", деп жазды оқырмандар.