Қайрат Нұртастың анасы жеке ән кешін бермекші

ашық дереккөз

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова отағасы Нұртаспен бірге аймақтарда өзінің жеке ән кешін өткізетінін айтып, желі арқылы халықты концертке шақырған.

Продюсердің айтуынша, ән кештерінің кестесі мен сахналық көйлектері тас-түйін дайын. Нұртас пен Гүлзираның жеке концерті Қызылорда өңірінен басталады екен.

«Ал енді, Сыр елі, "Нури-Гули" бізді күтіңіздер. Концерттің супер болатынына күмән болмасын. Жылтыр көйлектерімді әзірлеп, өзім де барғалы жатырмын», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Мұндай хабарландыруды естіген желідегі жұрт аң-таң. Олар гастролдік сапарға шыққалы отырған Гүлзираға ән салмауын өтініп, әлеуметтік желі арқылы концертіне қарсылық білдіріп жатыр.

«"Ұялмаған әнші болады деген осы", "Сұмырайлардың қарны ашқан ба? Кімге керек бұлар? Кім шақырды екен?", "Осы қатын ұқсап қазақтың кез келген қатыны айтады", "Түк дауыстары жоқ", "Ақша жинап қайта ғой"», — деп жазды оқырмандары.

Желіде жазылған жағымсыз пікірлер Айдарбекованың ашуына тисе керек, ол өзіне бағытталған сыни жазбаларды жауапсыз қалдырмай, халыққа ұрсып тастады.

«Әр адам өз ойынан хабар береді. Ақшасыз қалған күніміз жоқ. Сен бықытып отыр екен деп, шектеу қоя салмаймыз. 10 адам бола ма, 200 адам ба, келетін адам келеді. Өзің шымшып, өсектегенде мылқауды сөйлетесің. Іштарлық миыңды құрт болып кеміріп жатыр-ау», — деп жауап жазды Қайрат Нұртастың анасы.