Қазақстанда үнді фильмдері түсіріледі

ашық дереккөз

Үндістан киноиндуриясының өкілдері Қазақстанның әсем табиғатында фильм түсіруді жоспарлайды.

Мұндай бағытта екі ел арасында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Шубхдаршини Трипати мәлімдеді.

Елші Үндістан жылдың кез келген уақытында туризмді ұсынатынын атап, Гоа және Тәж-Махал сияқты жерлер қазақстандықтар арасында өте танымал екенін айтты.

"Сонымен қатар, Үндістан сапалы және қол жетімді медицина және сауықтыру туризмімен өте танымал. Тағы бір жаңалық Қазақстанның әдемі жерлерін үнді киноиндустриясына енгізу жұмыстары жүргізілуде. Үнді халқы Қазақстанға келген кездегі қазақстандықтардың қонақжайлылығы мен әсем мәдениетімен еске алады. Сондықтан халқымыз арасындағы қарым-қатынастарды жандандыру үшін бізде үлкен мүмкіндіктер бар", - деді елші журналистермен кездесуде.