ТОП-7 деректер топтамасы : Саран

LIFE09

Құны 140 млн долларға жуық, орталық Азиядағы ең үлкен күн электр станциясы қайда орналасқанын білесің бе? Ия, білем, станция өзіміздің саран қаласында орналасқан. Ендеше Лайф09 дың үздік жетілігінде Саран қаласы туралы айтатын боламыз. Осы Саран ба, Сораң ба. Негізі сораң сөзінен шыққан ғой. 

1.Саран (Сораң) - 1954 жылы 20 желтоқсанда құрылған Қарағанды агломерацияcына жататын шағын қала. Қала аумағы 174,0 шаршы километрге тең. Қарағандының батысында 15 шақырым жерде орналасқан. Қала атауы «сораң, сораңды» деген сөзден шыққан. 1939 жылы болашақ қала орнында сол аймақтағы көмір қорына барлау жүргізген геологтар кенті пайда болды. Қазір қаланың 60 мыңға жуық тұрғыны бар.

2. 2019 жылы Саран қаласында қуаты 100 МВт,  құны $137 млн тұратын күн электр станциясы іске қосылған. 160 гектар аумақты алып жатқан станция Орталық Азиядағы ірі күн электр станциясы болып отыр. Қысқа мерзімде іске асырылған жобаға біздің елден басқа Германия, Чехия және Словакия Республикалары ат салысқан. Толық қуатында жұмыс істесе бұл станция Саран сияқты 10 қаланы энергиямен қамтамасыз ете алады. Керемет ия. Энергияны таза жолмен алу деген осы.

3. Саранның іргесін кезінде атағы дардай болған, бүгінде қаңырап бос қалған   РТБ кенті тұр. Қала құрылысын сол кездегі басшылар жақын маңдағы белес пен қыр арасындағы ойпат жерге салуды ұйғарған. Заманында 25 мың адам мекен еткен қала типтес кент 1994 жылы резина бұйымдарын шығаратын зауыт банкротқа ұшыраған соң қаңырап бос қалды. Халықтың басым  бөлігі көшіп кетті, шағын аудан қаңырап қалды. Бірақ қазір РТБ кентінің болашағы туралы жақсы жаңалық бар. Соңғы жылдары қарқынды жұмыс істеп жатқан Saran индустриялық аймағы осы кенттің қайта жандануына сеп болады деген сенім бар. Бұл аймаққа инвестиция тартылып, автобус, шина зауыттары ашылуда.

4. Әр айтқан сөзі мемге айналатын ресейдің мемлекет қайраткері Рамзан Қадыровтың да Саран қаласына қатысы бар. Шешенстанның бірінші президенті Ахмат-Хаджи ҚАДЫРОВ 1951 жылы 23 тамызда кіші Саранда  дүниеге келген. Оның отбасы 1944 жылы Қазақстанға жер аударған. Ата-анасы осында жерленген. 1957 жылы сәуірде Қадыровтар отбасы Шешен-Ингуш АКСР (ШИАКСР) Шалин ауданының Центорой ауылына қайта оралды. 2003 жылы 5 қазанда Ахмат Қадыров Шешенстан Республикасының президенті болып сайланды. Қаланың кіре берісіне Ахмат Қадыровтың құрметіне ескерткіш қойылған. 

5. Неше түрлі ескерткіштер мен архитектуралық нысандарды көріп жүрміз ғой. Биіктігі 4 метрлік  алып орындықты көрдіңіздер ма. Дәл осы орындық Саран қаласында орналасқан. Конструкцияның биіктігі – 4 метр, ал ұзындығы 7 метр. Оны ағаш пен металдан жасаған. Орындыққа декоративті күл-қоқыс жәшігінің артында орналасқан баспалдақпен ғана шығуға болады. Орындықты жасауға бюджеттен ақша жұмсалмаған екен.

6. Ана мен бала ескерткіші. Өз баласын қараңғылық пен қорқыныштан, зиян келетін басқа да дүниелерден қорғаушы символы ретінде бейнелену болған. Сонымен қатар, ана болудың маңыздылығын көпшілікке жеткізу.

7. Келесі айтататын дерегіміз мақтанарлықтай емес. Саран қаласындағы 238 көшенің қазақ тіліндегісі бар болғаны сегіз пайызды ғана құрайды. Тұрғындар көшелердің аттарын тарихи атауларға өзгертуді қалайды. Бірақ оңды жауап болмаған. Ия, біз көп ұллты мемлекетпіз, бәріне заң ортақ. Дегенменде ешқандай мағанасы жоқ көшелерге тарихы атаулар беру керек сияқты.