Сайлау 2023: Қарағанды облысының сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

ашық дереккөз

Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды.

Қарағанды облысындағы  654 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Өңірде облыстық, аумақтық, округтік және учаскелік 863 сайлау комиссиясы жұмыс істейді.

Қарағанды облысы бойынша барлығы 665 кандидат тіркелді. Оның ішінде мәжіліске бір мандатты округ бойынша – 21, барлық деңгейдегі мәслихаттарға 644 адам сайлауға түседі. Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік 3,4 үміткерді құрайды.

Аймақта барлығы 761,5 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Алғаш рет дауыс беретіндер – 13 мың.