«Ауыл» партиясы Қазақстан президенттігіне кандидат ұсынды

ашық дереккөз

 «Ауыл» саяси партиясы президент сайлауына өз кандидатын ұсынды. 67 жастағы Жигули Дайрабаев президентікке үміткер атануға дайын.

Партияның кезектен тыс съездінде Дайрабаев Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытуға уәде берді.

Жигули Дайрабаев «Атамекен» ҰКП агроөнеркәсіп кешені Комитетінің басшысы әрі Қазақстан президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі.

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ ауылшаруашылығы институтын және агроөнеркәсіп кешенінің жоғарғы мектебін бітірген.

Amanat партиясының құрамында болған, 2020 жылы Adal партиясының атынан мәжіліс депутаттығына үміткер атанды.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы президент сайлауы 20 қараша күні өтеді. 23 қыркүйектен бастап президентікке үміткерлер өз кандидатурасын ұсына бастады.