Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы аяқталды

ашық дереккөз

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды.

Сот отырысы бүгін, 3 тамызда Атырау қаласындағы №2 сотта басталып, небәрі 20 минутқа созылған. Сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды. Бұған Бақытгүл Хаменованың айыптау актісінің көшірмесін алмауы себеп болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына қатысты тергеу басталғанын хабарлаған еді.

Ведомство шенеуніктер Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және қою бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінгенін айтты.

Бастапқыда Бақытгүл Хаменова үйқамақта болды. Алайда кейін Атырау облысының прокуратурасы өтініш беріп, шенеунік қамауға алынып, тергеу изоляторына жеткізілді.

Атап өту керек, басты сот отырысын 2022 жылғы 14 маусымда сағат 14:45-те өткізу белгіленген болатын. Алайда, сот отырысының уақыты шегерілді. Бұған судьяның өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуі себеп болған. Кейін іс бойынша отырыс 3 тамызға белгіленген.

 

 

 

Дереккөз: ҚазАқпарат