Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсті. Ота жасалуы мүмкін.

ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсті. Бұл туралы хабарламаны "Хабар 24" Мемлекеттік арнасының бұрынғы директоры Александр Аксютиц жариялады.

«Менің дереккөздерімнің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы ауруханалардың біріне түскен. Жүрегіне кешенді тексеріс жүргізіледі екен. Дәрігерлердің айтуынша, ота да жасалуы мүмкін», деп жазды Александр Аксютиц.

Ал Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай телефон қоңырауларына жауап бермеген.