Президент Алтай Әбибуллаевты Елші қызметінен босатты

ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен, сондай-ақ Нұрбах Рүстемов Қазақстанның Румыниядағы Елшісі лауазымынан босатылды.

Бұдан бөлек, Ерлік Әли Қазақстанның Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды.

Ал Қазақстанның Аустриядағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.