Ресейліктер шетелдегі Қазақстан елшілігіне гүл шоқтарын әкеліп жатыр

ашық дереккөз

Ресейліктер Ұлыбритания мен Ресей астаналарында орналасқан Қазақстан елшіліктеріне гүл шоқтары мен алғыс хаттар әкеліп жатыр, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Лондонда - Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінде түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Ғимарат Пэлл-Мэлл көшесі бойында орналасқан. Жарияланған суреттерде, бір аптадан аса ресейліктерді қабылдап жатқан Қазақстанға алғыс ретінде елшілікке гүл шоқтарын, хаттар мен плакаттарды қалдырып жатқаны көрсетілген. Плакаттарда "Көп рахмет" және "Thank you" деген алғыс сөздері бар, сонымен қатар қазақстандықтар ресейліктерді құтқарып жатқаны атап өтілген.

Басқа кадрларда Қазақстанның Ресейдегі елшілігі көрсетілген. Twitter қолданушысы Александра Астахова Мәскеуде орналасқан ғимарат алдында не болып жатқанын көрсетті. Ол гүлдер мен плакат суретін жариялады: "Қазақстан! Мейірімділігің үшін рақмет! Біздің ер-азаматтарды паналатқаныңа рақмет".

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялағаны туралы хабарлаған болатын. Осыдан кейін біраз ресейлік азамат көрші елдерге ағыла бастады. Олардың көпшілігі Қазақстанға бет алған.