Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті.

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз Қазақстан халқының Сізге деген сенімін және Өзіңізді толық қолдайтынын білдіреді. Сіздің бірегей басшылығыңызбен еліңізді реформалауға бағытталған барлық бастамаңыз табысты болатынына және Жаңа Қазақстанды құру ісі ілгерілейтініне сенімдімін. Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беремін және дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толған уақытта сіздермен бірге мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайынмын", – деп жазылған жеделхатта.