Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр

ашық дереккөз

Түркияның Изник қаласында көшпенділер ойындары басталды. Додаға Қазақстан атынан 50 спортшы қатысады. Олар садақ ату, жамбы ату, қазақ күресі, көкпар және көк - бору сияқты спорт түрлерінен өз шеберліктерін көрсетеді, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Ойындар 29 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады. Спортшыларды елдің солтүстік-батысындағы Түркияның Изник қаласы қарсы алады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары осымен төртінші рет өтуде. Алғашқы ойындар 2014 жылы Қырғызстандағы Ыстықкөл жағасында өтті. 2016 және 2018 жылы өткен ойындар да Қырғызстанда өтті.

Биылғы жылы жарысқа әлемнің 102 елінен үш мыңнан астам спортшы қатысады.