Азиада: Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола жүлде түсті

Ашық дереккөз

Бүгін Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан кезекті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

10 метрден пневматикалық винтовкадан оқ атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлде иеленді.

Үшінші орын үшін өткен бәсекеде біздің мергендеріміз Иран командасын 17:11 есебімен ұтты.