«Барыс» хоккей клубы «Нефтехимик» командасынан басым түсті

hcbarys.kz

Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін өткізген «Барыс» жеңіске жетті.

Алма кезек шабуылға толы болған ойынның бірінші кезеңі алаң қожайындарының пайдасына шешілді (2:1). Екінші жиырма минуттықта қарсылас қақпасына жауапсыз екі шайба тоғытқан елордалық ұжым есепте алға шықты (2:3). Шешуші кезеңде тартысқа толы болды. Алаң иелері қарсылас қақпасына қатарынан екі шайба соғып, есеп басымдығына ие болды. Шабуылдарын үдеткен астаналық клуб таразы басын теңестіре білді.

Алайда, ойын экваторына ұласқан тұста нижнекамскілік хоккейшілер тағы да есепте алға шықты. Отандастарымыз да қарап қалмай, кезекті мәрте есепті теңестіре білді. Осылайша, ойынның негізгі уақыты 5:5 есебімен аяқталып, кездесу қосымша уақытқа ауысты. Давид Скленичканың пасын сәтті пайдаланған Райли Барбер елордалық командаға жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 5:6. Сырт алаңдағы кездесуде екі ұпай қанжығалаған астаналықтар келесі ойындарын өз алаңында өткізбек. Қарсылас – «Адмирал» және «Сибирь» командалары.