Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бірден 9 сатыға көтерілді

ашық дереккөз

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңгеннен кейін, WTA әлемдік рейтингінде 9 орынға көтерілді.

Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Live-рейтингінің үздік 20-лығына кірді және онда 16-орынды иеленді. Ол 1945 ұпай жинаған.

Бұған дейін Рыбакина небәрі 25-орында болған, бірақ Australian Open ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентекті жеңіп, тізімде жоғарылады. Ол бірінші рет әлемнің қазіргі бірінші ракетасын жеңді.

Рыбакинаның келесі кездесуі 24 қаңтарға жоспарланған. Ол жартылай финалға шығу үшін латвиялық Елена Остапенкомен ойнайды.