Елордалық «Барыс» ҚХЛ аясындағы кезекті кездесуін өткізбек

championat.com

Бүгін астана уақытымен сағат 22:00-де отандастарымыз нижнекамскілік «Нефтехимик» клубымен өзара кім мықтыны анықтайды. Кездесуді «Qazsport» арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, бір апта бұрын қос команда арасындағы Астанада өткен ойында «Барыс» қарсыласын 8:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Бүгінгі күні бұл астаналық ұжымның лигадағы соңғы жеңісі. Сол матчтан кейін елордалық команда сырт алаңда мәскеулік «Спартакқа» 6:3, «Сибирь» клубына 4:2 есебімен есе жіберген еді. 9 ойында 7 ұпай жинаған «Барыс» турнирлік кестеде 10-шы орында.  

Елордалық клубтың бұған дейін өткізген басқа да кездесулеріне көз жүгіртсек:

Барыс – Салават Юлаев (2:3);

Барыс – Сибирь (4:5);

Сибирь – Барыс (1:0);

Авангард – Барыс (4:1);

Динамо Мәскеу – Барыс (4:3);

Барыс – Адмирал (4:3).

Жалпы, отандастарымыз 9 кездесудің екеуінде жеңіске жетсе, 7 ойында қарсыластарына есе жіберген.

Осыдан кейін астаналық ұжым өз алаңында екі ойын өткізіп, қыркүйек айын қорытындылайды. Елордалық клуб 25-ші қыркүйек «Адмирал», 30-шы қыркүйек «Сибирь» командаларымен сынға түспек.