Қазақстандық дзюдошылар ХІХ Азия ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар ХІХ Азия ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды

Қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 1 күміс, 4 қола медаль бар.

63 келіге дейінгі салмақта белдескен Эсмигүл Күйлова қола медаль үшін болған белдесуде өзбекстандық Севинч Исоковадан айласын асырып кетті.

Ал, 81 келі салмақта сынға түскен Абылайхан Жұбаназар Өзбекстан спортшысы Мусо Собировті иппон әдісімен жеңіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Осылайша ол ел қоржынына дзюдодан төртінші жүлдені сыйлады.

Бұл Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарындағы дзюдодан алған төртінші медалі. Кеше 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова күміспен күптелсе, ал, Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болған еді.