Мусабаев - күміс жүлдегер

Ашық дереккөз

Біз оған сендік, жанкүйер болдық. Нәтижесінде, қарағандылық Данил Мусабаев Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет батут гимнастикасында жеке секіруден Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. 

Финалда оған 52.270 ұпай берілді. Қытайлық Лангю Ян59.850 ұпай жинап, алтын медаль алды. Жапондық Хирото Яма 57.100 ұпай жинап, үшінші нәтиже көрсетті. Айтпақшы, көшбасшылар қатарында болған Өзбекстан өкілі қарағандылықтың тамаша өнерінен кейін, үздік үштікке кірмейтінін түсініп, көзіне жас алды. 

Данил Мусабаев сол қалпында және спорттық мансабының шыңына жетті. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ол батут гимнастикасынан Әлем кубогы кезеңдерінің жиынтығы бойынша әлемдік рейтингті басқарған алғашқы Қазақстандық болды. 2023 жылы біздің жерлесіміз Бакуде өткен Әлем кубогы кезеңінде екі «алтын» жеңіп алды. Ендіміне, жаңа, өте маңызды жеңіс!  Данил Мусабаевты және оның жаттықтырушысы Сергей Вертянкинді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазіргі кезде әйгілібатутистіміздің бір-ақ мақсаты бар - ол, 2024 жылғы Париж олимпиадасы.