"Туған жеріңе емес, тойған жеріңе алғыс айт!" - түркиялық кәсіпкер

LIFE09

Серкан Гюндогду Қазақстанда 15 жылдан астам уақыт тұрып келеді. Ол Түркиядан келген. Ал шахтерлер қаласында өзінің жеке кәсібін - «Degirmen» кафесін ашқанына 3 жыл болған. Серканның әңгімесіне қарағанда, ол өзі ашқан дәмханасында қарағандылықтар түрік атмосферасын сезінгенін қалайды.

«Өздеріңіз байқағандай, біз адамдардың демалуы үшін музыканы да қоспаймыз. Өйткені қазір әлемде адамдар бір-бірімен аз сөйлеседі. Қазір бізде Түркиядан түрік тағамдарын жеткізетін аспаздар бар», - дейді мекеме басшысы.

                               а

Ел туралы алғашқы әсерлерін еске алған кәсіпкер Қазақстанның жылдан-жылға гүлденіп келе жатқанын атап өтті.

«Қарағанды біздің көз алдымызда өзгеруде, бизнес дамып келеді, мұнда да барлық сала ілгерілеп жатыр.  Жалпы еліміздің даму қарқыны күннен күнге көтеріліп жатыр. Қазақстандықтар – еңбексүйгіш халық, олар тәжірибе алмасып, шетелге саяхаттайды. Қазақстан өте бай мемлекет, даму сатысында тұрған туристік орындар мен көрікті жерлер көп», - деп атап өтті кәсіпкер.

                       а

Мекеменің атауы кездейсоқ таңдалған жоқ. Түрік тілінен аударғанда «Degirmen» «диірмен» дегенді білдіреді. Бұл атауды иесі «Берекет» сөзімен байланыстырады. Кәсібімізде береке болсын деген ниетпен қойдық дейді.

«Біз барлық адамда әрқашан тек жақсылық болғанын қалаймыз. Өздеріңіз білесіздер, бұрын халықтың жалпы жағдайы мәз емес, қиын-қыстау кезеңдер болған. Бірақ қазір бәрі өзгерді, оны барлық салалардан көруге болады. Қазір Қазақстанда тұрақтылық бар», - дейді Серкан.

                     а

Пандемия көптеген бизнеске әсер еткені рас. Серкан Гюндогду дәмханасы да бұл уақытша қиыншылықты өткерді. Дегенмен, кәсіпкерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді.

«Атамекен Кәсіпкерлер палатасында бизнесті қолдауға және стартаптарға, өз ісін ашқысы келетіндерге арналған түрлі бағдарламалар бар. Иә, пандемия кезінде қиындықтар болды, бірақ қазір бәрі қайтадан тұрақтанды. Соның ішінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында. Карантин кезінде салықтар тоқтатылды, Ashyq бағдарламаларын әзірлеуге және алуға көмек көрсетілді.», - деді кәсіпкер.

Серкан Гюндогдудың айтуынша, түрік елінде "Туған жеріңе емес, тойған жеріңе алғыс айт!" деген мәтел бар екен. Ол Қазақстанға келгеніне еш өкінбейді, қайта елдегі тұрақтылық пен бизнеске жасалған оң климатқа риза. Алдағы уақытта да кәсібін жалғастырып, дәмханасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Алдағы уақытта қарағандылықтар түрік атмосферасы бар бірнеше жерге барулары әбден мүмкін.