Ерлі-зайыптылардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік беріледі

Ашық дереккөз

Енді ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге болады.

Егер ерлі-зайыптылардың бірінде зейнетақы жинағы жетпей, ал екіншісінде артық болса, олар зейнетақы жинақтарын бірге қосып, зейнетақы аннуитетін сатып алады. 

Бірлескен зейнетақы аннуитеті жақын туыстарының немесе жұбайларының жинақтарын біріктіріп, ресми зейнеткерлікке шығу уақытын күтпей-ақ өмір бойы жәрдемақы алуға мүмкіндік береді. 

Зейнетақы аннуитеттік төлемдерін:

- Ерлер 55 жастан,

- Әйелдер 52,5 жастан ала алады

Жақын туыстар санатына:

- ата-аналары

- балалары, оның ішінде асырап алынғандар,

- аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @life09kaz