29 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ашық дереккөз

Қазгидромет ел аумағында 29 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады.

"Еліміздің оңтүстік-шығыс таулы аудандарында қатты жауын-шашын, оңтүсігінде жаңбыр, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Тек қиыр батыста, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - деп жазды ведомстводан.

Ондағы дерекке қарағанда, Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.