«АрселорМиттал» кеншілері жыл соңында сыйақы беруді талап етті

Ашық дереккөз

Қарағандыда кеншілердің талап-ұсыныстары бойынша келісу комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Өңір басшысының міндетін атқарушы Жеңіс Қасымбек өткізген отырыс барысында шахтерлердің қосымша талаптарының орындалуы, оның ішінде жалақыны көтеру және жыл қорытындысы бойынша сыйақы төлеу мәселесі талқыланды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Владимир Яблонский компания ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен шахта өкілдері өз пікірлерін білдірді.

Келіссөздер жалғасады, олардың нәтижесі бойынша өзара шешім қабылдануы тиіс.

Отырыста компания өкілдері көмір департаментінің кәсіпорындарына жаңа қызметкерлерді қабылдау туралы баяндады. Тұрақты жұмысқа қабылданғанына қарамастан, кадр тапшылығы мәселесі әлі де бар.

Сонымен қатар кеншілерді инвестициялық жобаларды іске асыру, әрбір шахтаның әлеуеті толғандырды.

«Қорғау» көмір өндірушілері кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев зейнетақы мәселесінің қалай шешілетіні туралы айтып берді.

«Қазіргі уақытта еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан жұмыс тобы құрылды. Ол біздің ұжымдарды толғандыратын екі мәселені қарастырады. Бұл – зиянды және қауіпті өндірістердің қызметкерлерін, сондай-ақ регрессиялы мүгедектердің проблемаларын зейнетақымен қамсыздандыру. Осыған дейін бірнеше отырыс болды. Пікірталастар, өзекті есептеулер жүріп жатыр. Әрине, жұмыс оңай емес. Біздің кәсіподақ тарапынан осы мәселелерді шешу бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды», – деді ол.

Келісім комиссиясы барлық мәселелер толық шешілгенге дейін одан әрі жұмыс істейтін болады.