«АрселорМиттал Темиртауда» тағы апат

Ашық дереккөз

Бүгін «АрселорМттал Темиртауда» тағы апат орын алды. Абырой болғанда зардар шеккендер жоқ,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 18 қаңтарда таңғы сағат 6:10-да тікелей коксты газ құбыры опырылып түсті. Зақымдалған аумақ 20 м. Зардап шеккендер жоқ, себептері анықталуда»,- делінген хабарламада.