Астана тұрғыны дүкендегі киімді киіп, қашып кеткен

Ашық дереккөз

Астанада киім дүкеніне келген адам дүкендегі спорттық костюммен қашып кеткен,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Сатушылардың айтуынша, жігіт дүкенге кіріп, киіну бөлмесінде спорттық костюмді киіп алған.

Шығар кезде ер адамның киіп кеткен киімінен ұрлыққа қарсы хабар бергіш құрылғы қосылған. Бейнежазбаға қарағанда, ол сауда үйі қызметкерлерін өз киімімен жүргеніне сендірмек болған, содан кейін дүкеннен қашып кеткен.

"27 жастағы қала тұрғыны бұрын да ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Елорда тұрғыны кінәсін мойындады", – деп хабарлады полиция мәлімдемесінде.