Ауырсынуды сезу — мидан

Ашық дереккөз

Ғалымдар әр адам күн сайын 100 - ден астам ауырсыну сезінетінін есептеп шығарды. Бірақ сана оның барлығын тіркеуге алмайды. Біздің мида нейрондар пульсін бақылап, оны қауіпті және қауіпсіз деп сұрыптайтын «ауырсыну орталығы» бар. Ол қосқыш аралы немесе инсула деп аталады. Инсула жарты шарлар арасында терең жасырылған. Кейде бұл орталық «істен шығып», адам өзінен - өзі ауырсыну сезімін кешуі мүмкін. Бұл мәселе фибромиалгия немесе «ұшатын ауырсыну» деп аталады.

Біздің бас миымыз ағзаның кез - келген бөлігінен ауырсыну импульстарын қабылдайды. Ал өзі ешқандай ауырсынуды сезінбейді, себебі мида ауырсынуды сезетін жүйке рецепторлары жоқ. Сондай - ақ тура осылай бауыр, өкпеде де ауырсынуды сезетін жүйке рецепторлары болмағандықтан  адамға ауырсыну сезілмейді. Сондықтан көп адамдар осы мүшелерде болатын ауруды асқындырып алып жатады.

Әйел адамдар ер адамдарға қарағанда ауырсынуға төзімдірек болады. Себебі әйелдің жыныс гормоны - эстрогендер табиғи анальгетикалық қасиетке ие. Ал ер адамдарда ауырсынуды басатын стресс гормоны - адреналин болып есептеледі. Сол себепті төбелес кезінде олар өмірге қауіпті қатты соққы ала тұра ештеңе сезбейді. Есесіне қалыпты өмірде бір инъекциядан есінен танып қалуы мүмкін.

 

Ақерке Аянқызы