Азаматтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру талаптарына өзгеріс енді

Ашық дереккөз

Солтүстікке азаматтарды көшіру бағдарламасының талаптарына біршама  өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова солтүстік облыстарға көшірілетін азаматарға қойылатын талаптарға өзгеріс енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Ең негізгі мәселе азаматтарды оңтүстіктен солтүсікке көшіруде әуелі сол жақта жұмыс орны мен баспана мәселесі шешілгеннен кейін ғана аттандыру керек. Қазір көші-қон бағдарламаға өзгерістер енгізіліп жатыр. Онда көшетін азамат бірінші жұмыс орнын белгілеуі керек немесе оған жұмыс берушілер мен жергілікті атқарушы органдар жұмыс орнын айтуы тиіс. Жұмыс орны белгілі болғаннан кейін қажетті келісімшартты жасаған соң олардың қолына ынталандыру сертификат ұсынылады. Онда алатын баспанасының елу пайызы болатын қаражат беріледі", — деді министр.