Балалар жылы: Қызықты демалыс және тегін лагерь

Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Осы жылдың аясында балаларды қорғау, олардың білімін арттыру және сауықтыру мақсатында түрлі жобалар қолға алынды.

Қанша лагерь жұмыс істейді

Жергілікті атқару органдарының мәліметіне сай, биыл елімізде 236 қала сыртындағы, 11 мыңға жуық мектеп жанындағы, 930-ден астам шатырлы лагерьлерде балалар демалады. 1,5 миллионға жуық балаға жазғы мектеп ұйымдастырылып отыр. Жазғы мектеп жанындағы 4 677 лагерь балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 256 169 балаға 930 палаткалы және киіз үй лагерьлері, 181 050 бала үшін қала сыртындағы 236 лагерь жұмысын бастады.

Жазғы демалыста балаларды сауықтыру лагерлерінде 2,3 млн қазақстандық оқушы демалады.

Жалпы республика бойынша биыл 2 млн 564 мыңдай  бала 86 966 құрылыс отрядтарына, орман және көгалдандыру жұмыстарына, аула клубтарына, дебаттық қосымша білім орталықтарына тартылады.

Лагерьде кім тегін демаладыЖазғы демалыс лагерьлеріне әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларының 61%-ы, ерекше білім қажеттілігіне мұқтаж балалардың 64%-ы және 78% түрлі салада жетістікке жеткен оқушылардың, девиантты тәрбиедегі балалардың 82%-ы барады.

Ал жалпы жазғы сауықтыру науқанын қаржыландырудың жалпы көлемі 4,53 млрд теңге болды.

Джон Хопкинс университетінде жылына 10 мыңнан астам жоғары сынып оқушысы жазғы демалыстарын өткізеді. Жүздеген тақырыпты зерделеп,  зерттеу жұмыстарымен айналысады. Осы лагерьден өткендердің ішінен 37 Нобель лауреаты да шықты.

Республика бойынша 18 жоғары білім ұйымы 1 306 балаға әр түрлі бағытта лагерьлер ұйымдастырады. 7 лагерь жоғарғы білім ұйымдары, 8 ата-аналар  қаражат есебінен, 1 лагерь кәсіподақ, 2 жатын орны жоғарғы білім ұйымдары, тамағы ата-ана есебінен ұйымдастырылады.

Балалар мындай республикалық сауықтыру лагерьлерінде денсаулықтарын жақсарта алады:

- Балдаурен-Щучинск;

- «Балдәурен-Қапшағай»;

- «Балдәурен-Балқаш» (5-9 сыныптар);

- «Бөбек» (1-4 сыныптар).

Тегін демалуға құқылы балалар:

- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы балалары;

- атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары;

- көп балалы отбасылардан шыққан балалар;

- мүмкіндігі шектеулі балалар;

- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;

- нашар отбасылардан шыққан балалар;

- мектепішілік есепте тұрған балалар.

Баланы тегін лагерьге жіберу үшін не істеу қажет?

Құжаттарды қабылдау, сондай-ақ қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуға жолдама беру электрондық үкімет порталы арқылы немесе білім беру ұйымдарына қағаз түрінде жүгіну арқылы жүргізіледі.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

4) некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

5) № 079/у нысаны бойынша сауықтыру лагеріне шығатын білім алушыға медициналық анықтама;

6) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

Қауіпсіз демалыс

Жазғы демалыста қауіпсіздік мәселесі басты назарда болады. Оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында жазғы лагерьлерге қоғамдық мониторинг жасалып отыр.

Бала қауіпсіздігін басты назарда ұстау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін Сенім телефоны мен арнайы чаттар құрылған.

Сондай-ақ жазғы лагерьлерде және балаларды сауықтыру орталықтарында тамақтану мәселесіне санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ету де маңызды.

Оған қоса, балалардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін ата-аналар басты назарда ұстау керек.

2022 жылдан бастап сауықтыру орталықтарының қолжетімділігі туралы ақпараттар қолжетімді болуы үшін bala-demalys.kz сайты іске қосылды.