Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алмақшы

ашық дереккөз

Экс-депутат Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берген. Бекболат Тілеуханның Ыстанбұлдан 6 бөлмелі пәтер сатып алғанын хабарлайды, Ulysmedia.kz порталы.

Ulysmedia.kz порталына келіп түскен дереккөзге сәйкес, Бекболат Тілеухан Түркияға үшінші әйелі Жанар Тапеновамен бірге кеткен. Одан алты баласы бар. Ыстанбұл қаласында бұл күнде олар балаларымен бірге сатып алған пәтерінде тұрады.

Жанар Тапенова Түркияға кетер алдында жақын туысының біріне өзіне тиесілі астананың сол жағалауындағы көпқабатты үйдегі екі пәтер мен Шұбар ауданындағы жер үйді сатуды тапсырып кеткен.

Ыстанбұлда жүрген кезде Оразада Бекболат Тілеухан сондағы қандастарды жинап, ауызашар берген. Түркия президентінің ұлы Біләл Ердоғанмен кездескен. Экс-депутат әзірге Қазақстанға қайтпайтын секілді. Себебі ерлі-зайыпты Түркия азаматтығын алуға өтініш берген. Әзірге олар сонда ықтиярхатпен тұрып жатыр.

 

#Бекболат Тілеухан #Түркия