Бөкетов атындағы ҚарУ студент жастар арасындағы облыстық спартакиадада жеңіске жетті

Ашық дереккөз

Қарағандыда студент жастар арасындағы ХVI облыстық спартакиада аяқталды. Бірінші орынды Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ командасы, екінші орынды Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, үшінші орынды А. Сағынов атындағы ҚТУ иеленді.

Он күн бойы облыстың сегіз университеті мен академиясынан мыңнан астам студент өз университеттерінің намысын қорғады.

Жеңімпаздардан басқа біріншілікке Қарағанды медицина университеті, Б. Бейсенов атындағы ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясы, "Болашақ" академиясы, Орталық Қазақстан Академиясы және Теміртау қаласының ҚИУ қатысты.

Жарыс спорттың 13 түрінен өтті: баскетбол, үстел теннисі, шахмат, футзал, дойбы, гір спорты, волейбол, арқан тарту, президенттік қоссайыс, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, асық ату және қазақ күресі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Дене шынықтыру және спорт басқармасының кубоктарымен, дипломдарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.