«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ САНАТТАРЫ БЕКІТІЛДІ

ашық дереккөз

2023 жылы тағылымдама бағдарламасына 110 «Болашақ» стипендиясы бөлінді.

«Биылғы жылы тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсын жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы керек. Соңғы 12 айда таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуге тиіс. Сондай-ақ қабылдаушы шетелдік ұйымнан шақыру және кемінде В1 деңгейіндегі мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификат талап етіледі», - деп хабарлады Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ләззат Әділова.

Биыл «Болашақ» бағдарламасының басым мамандықтар тізімі тағылымдамадан өтуге арналған 162 мамандықты көздейді. 2023 жылы тізімге «Бұлтты сервистер», «Ғарыш жүйелері мен инженерия», «Гидрогеология», «Прецизионды медицина», «Тестология» және т.б. сұранысқа ие мамандықтар енгізілді.