Бурабайға демалуға келген турист таудан құлап кеткен

Ашық дереккөз

Бурабайда 19 жастағы астана тұрғыны таудан құлап кетті, деп хабарлайды Saryarqanews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін сағат 16:47 шамасында "Туфелька" тауында болған.

"Тауға көтірлмекші болған Нұр-Сұлтан қаласының 19 жастағы тұрғыны 20 метр биіктіктен құлап кетті. Салдарынан жігіттің аяғы сынып, түрлі дене жарақатын алды. Оған құтқару бекеті басшысының міндетін атқарушы Максим Пономарев бастаған құтқарушылар – Александр Попов, Әлібек Айтжанов, Евгений Ляхов көмекке келді. Құтқарушылар зардап шеккенді зембілмен тау етегінде тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді", – ведомстводан.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері демалушыларға таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.