Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайгерген шахтада әкелері қаза болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 000 000 теңге аударды,-деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Бауыржан Бабажанұлы өзінің instagram желісінде хабарлаған.
« Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қол ұшын созып жатыр.
Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бұл сауапты істен сырт қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 1 миллион теңгеден аударды»,- деп жазды журналист.