Динара Әлжан:Маған қысым жасалуда

https://kavkazmusic.tv/v-myslyax-tolko-lyubov.html

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берген әнші Динара Әлжан өзінің бір кездері Болат Назарбаевтың тоқалы болғанын айтқан болатын.

Әнші бұл сұхбатында өзінің қанша млндық көлік мінгенін, үйінің көлемін және ақшаны қалай жұмсағанын айтып ағынан жарылған. Сөз арасында шоу бизнестегі Қайрат Нұртас, Кентал сынды азаматтардың кейбір тірліктерін де әшкерелейтін сыр айтылды.

Бұл сұхбат барлық әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, сұхбаттың қысқа-қысқа бөлігі көпшілікке тез тарап кеткен болатын. 

Бүгін тикток әлеуметтік желісіндегі парақшасынан Динара Әлжан өзіне қысым жасалып жатқанын, соңынан ішкі істер саласының қызметкерімін деген адамның ергені және аңдығаны туралы  видео жариялады. Бұл расымен де солай ма, әлде әншінің әуелгі  хайпты жалғастырған түрі ме әзірге белгісіз.