Елордада салмағы 6 келі алып бала дүниеге келді

ашық дереккөз

Жаңа туған нәресте 4 тамызда табиғи жолмен дүние ешігін ашты. Оның бойы 63 см, салмағы 5,8 кг. Медицина қызметкерлері еркелетіп Исатай батыр деп атап кеткен бала отбасындағы үшінші перзент. Оның ағасы мен әпкесі бар.

30 жастағы ана мен сәбидің жағдайы жақсы, қазірдің өзінде үйге шығуға дайындалып жатыр.