Қазақ балуаны Ризабек Айтмұқан еркін күрестен әлем чемпионы атанды,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.
Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрестен 92кг салмақта бақ сынаған Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы атанды. Ризабектің алтыны Қазақстан күрес тарихында еркін күрестен әлем чемпионатында алған алғашқы алтын.
Небәрі 19 жастағы Ризабек биыл Азия чемпионаты мен жастар арасындағы U20 әлем чемпионатында күміс медаль алған.