Ғаламдық жылыну немесе ми жейтін амеба

Ашық дереккөз

Ғаламдық жылынудың кері әсері көп екені мәлім. Бірқатар американдық штаттардың билігі олардың аумағында паразиттер пайда болғанын мәлімдеді. Ми жегіш - амеба – бұрын жып-жылы тұщы су қоймаларында, климаты ыстық аймақтарда тіршілік ететін. Қазір олардың тіршілік ету аймақтары кеңейіп келеді. Американдық ғалымдардың бақылауы бойынша амебалар солтүстікке қарай жыл сайын 13,3 шақырым жылдамдықпен жылжып келеді. Бұрын оларды жұқтырып алғандар оңтүстік штаттарында тіркелсе, қазір орталық (Канзас), шығыс (Индиана) және солтүстік (Миннесот) штаттарының тұрғындарына да шабуыл жасай бастаған. Сонымен қоса, бұл мижегіштер ыстық климатты Австралияда да белсенділік танытып, біртіндеп аумақтарын кеңейтуде. Жаз жаһандық жылынуға байланысты неғұрлым ыстық болса, амебалар соғұрлым белсенді болады.

 Неглерия Фоулера (Naegleria fowleri) - біржасушалы ағза, +35 градус табиғи және жасанды су қоймаларында тіршілік етеді. Амеба даму кезеңдерінің бірінде бұрама өсіріп алады. Соның арқасында қолайлы жер іздегенде тез қозғала алады. Ол адамның мұрнына сумен кіріп, иіс жүйкесіне жетеді де, сол арқылы бас миына жетеді. Қан тамырларының қасына жайғасқан соң, ми жегіш - амеба белсенді түрде қоректене бастайды. Соның салдарынан мидағы ақ және сұр заттарда некроз бен қанқұйылу болады, ал бұл біріншілік амебалық менингоэнцефалит тудырады. Бұл аурудың инкубациялық кезеңі әдетте бір аптаға созылады, одан кейін кәдімгі бактериалды менингитке ұқсас белгілер пайда болады: бастың ауыруы, жүрек айну мен құсу, лихорадка, кейін судороги галлюцинация және комаға әкеледі.

 Науқас симптомдар пайда болған күннен бастап, 5 - 7 күннен кейін қайтыс болады. Бұл аурудан сауығып кеткен адамдар саны өте аз. Америкалық бақылау мен аурудың алдын алу орталығының статистикасы бойынша 1962 жылдан (Naegleria fowleri алғаш ашылғанда) 2018 - жылға дейін мижегіш - амебаны жұқтырған 145 адам тіркеліп, оның 4 - еуі ғана аман қалған.

 Амебадан сақтану үшін суға түскенде арнайы мұрынды қысуға арналған қысқыш тағу керек. Суды жұтқан зиянсыз, ол ауыз арқылы миға бармайды. Ғалымдар жылы тұщы суға түскенде мұрынды қысқышпен не қолмен қысуға және суға сүңгімеуге, секірмеуге кеңес береді. Ал бассейндерде олардан суды жоғары деңгейде хлорлап, құтылуға болады.

 Ең қиыны - жүзуге тиым салу үшін суда амебалардың барын алдын - ала анықтау мүмкін емес. Анализдерді талдауға апталап уақыт кетеді әрі олар судың бір қабатында болмаса, басқа қабатынан табылуы мүмкін.

 

Ақерке Аянқызы