Қарағанды облысынан 900-ден астам балаға лагерьлерге жолдама берілді

Ашық дереккөз

Балалар жылында Қарағанды облысының білім басқармасы "Балаларға жолдама сыйла!" челленджін бастады. Демеушілік қаражат есебінен 907 оқушы Щучинскідегі "Эдельвейс", Алматыдағы "Марал-сай" қала сыртындағы және жергілікті "Алау", "Орленок" және "Жас қанат" лагерьлерінде демалуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Saryarqanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

1

Мәселен, облыстық мәслихат депутаты Ғабдолла Дүйсенбаевтың бастамасы бойынша № 3 және 4 арнайы мектеп-интернаттарының оқушылары үшін 10 күндік тегін сапар ұйымдастырылды.

"Осы мектеп-интернаттардың Қамқоршылар Кеңесі іріктеген 10 бала 3 шілде күні Ақтоғай ауданының "Факел" лагеріне демалуға аттанды. Оларға жол полициясы қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жайлы автобус берілді. Жолға аттанар кезде депутат балаларға сыйлықтар табыстап, сәттілік тіледі", – деді Білім басқармасынан.